Құпиялық саясаты

Соңғы жаңарту: 15.08.2026

1. Жалпы ережелер

«Жан Мен Тән» (бұдан әрі — Қосымша) пайдаланушылардың жеке деректерін Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңына сәйкес өңдейді. Қосымшаны пайдалану арқылы сіз осы саясатпен келісесіз.

2. Қандай деректер жиналады

  • Телефон нөірі (WhatsApp арқылы кіру коды үшін)
  • Аты және профиль суреті (қаласаңыз)
  • Денсаулық көрсеткіштері: қадам саны, бой, салмақ, жас (тек сіз енгізген деректер)
  • AI-көмекшімен жазысу тарихы
  • Қосымшаны пайдалану статистикасы (қай экран, қанша уақыт)
  • Push хабарлама токені

3. Деректер не үшін қолданылады

  • Аккаунтқа кіру және оны қорғау
  • Жеке кеңестер мен бағдарламаларды ұсыну
  • Еске салғыштар мен push хабарламалар жіберу
  • Қызмет сапасын жақсарту (жиынтық статистика)

Деректеріңіз жарнама мақсатында үшінші тұлғаларға сатылмайды.

4. Үшінші тарап қызметтері

Қосымша жұмысы үшін мына сервистер қолданылады: бұлттық дерекқор және файл сақтау, OneSignal (push хабарламалар), WhatsApp арқылы бір реттік кодтар, AI мәтін өңдеу сервистері. Оларға тек қызмет көрсету үшін қажет минимал ақпарат беріледі.

5. Медициналық ескерту

Қосымшадағы ақпарат пен AI жауаптары ақпараттық сипатта. Ол медициналық диагноз немесе емдеу тағайындау болып саналмайды. Ауыр жағдайда дәрігерге жүгініңіз.

6. Балалар

Қосымша 16 жасқа толмаған тұлғаларға арналмаған.

7. Аккаунтты және деректерді жою

Қосымшадағы «Профиль → Аккаунтты жою» бөлімінен өтініш жібере аласыз немесе бізге жазыңыз. Өтініш 30 күн ішінде орындалады: жеке деректер жойылады немесе анонимделеді, кіру токендері жарамсыз болады.

8. Байланыс

WhatsApp / телефон: +7 776 122 8299 · Электрондық пошта: info@zhanmentan.kz